Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев WADA президентін қабылдады

Сарапшы, спорт журналисі
15.10.2025, 13:09

Кездесуде тараптар таза спорт идеясын ілгерілету және өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

24.kz
Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласында Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) президенті Витольд Баньканы қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында WADA-ның спорттағы адалдық пен әділдік қағидатын қорғаудағы рөлін жоғары бағалады. Президент атап өткендей, бұл ұйым тек спортшылар үшін ғана емес, миллиондаған жанкүйерлердің сенімін сақтап қалу жолында да маңызды миссия атқарады.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік – спорттың таза әрі әділ болашағы үшін күресіп келе жатқан жаһандық институт. Президент Витольд Баньканың Қазақстанға сапары біздің ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті. 

Президент елімізде Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған допингке қарсы сынама зертханасы жұмыс істейтінін атап өтті. Бұл – Орталық Азиядағы жалғыз аккредиттелген зертхана, оның негізінде Өңірлік допингке қарсы ұйым (RADO) жұмыс істейді.

RADO құрамына Қазақстанмен бірге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан, Моңғолия және Ауғанстан елдері кіреді. Бұл құрылым өңірдегі спорттың таза әрі әділ дамуына бағытталған бірегей бастама болып отыр.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Витольд Баньканы Қазақстан спортына қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі “Достық” орденімен марапаттады.

Тараптар ұзақ мерзімді әріптестікті жалғастыру және Қазақстанның WADA-ның сенімді серіктесі ретіндегі мәртебесін нығайту жөніндегі ниеттерін растады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары