Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Нартай Аралбайұлы отандық спортқа қатысты қуанышты жаңалықты бөлісті

Сарапшы, спорт журналисі
18.10.2025, 14:32

Мәжіліс депутаты еліміздегі бапкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бастама қабылданғанын мәлімдеді

Inbusiness.kz
Реклама
Реклама

Қазақстанда спорт саласына қатысты маңызды жаңалық жарияланды. Нартай Аралбайұлының айтуынша, ол қыркүйек айында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдап, спорт саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесін көтерген.

"Айтылды – орындалды. Бапкерлердің жалақысы 30% өседі! ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің атына қыркүйекте депутаттық сауал жолдадым! Нақты ұсыныстар енгіздім, орындалды", – деп жазды Нартай Сәрсенғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Үкіметтің ресми жауабына сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушыларына біліктілік деңгейі үшін 30% көлемінде қосымша ақы төленеді.

Бұл мақсатқа 2025-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 1,8 млрд теңге бөлінеді. Бұл шешім Республикалық бюджеттік комиссиямен (РБК) бекітілді.

Ауылдағы жаттықтырушылар да назардан тыс қалмайды

Депутат ауылдық жерлердегі спорт мамандарының әлеуметтік жағдайын көтеру қажеттігін де атап өтті. Үкімет жауабында бұл мәселе де қарастырылған:

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстық әкімдіктер жергілікті бюджет есебінен спорт саласы қызметкерлеріне үстемеақы тағайындауға, сондай-ақ ауылдық жерде жұмыс істейтін спорт мамандарына лауазымдық жалақының кемінде 25%-ын құрайтын көтеріңкі ақы төлеуге мүмкіндік берілді», – делінген ресми құжатта.

Бұл не береді?

  • Спорт саласының әлеуметтік мәртебесі өседі
  • Балалар мен жасөспірімдер спортындағы бапкерлердің еңбегі еленеді
  • Ауылдық жерлердегі спортты дамытуға серпін береді
  • Қазақстан спорт жүйесінің дамуына нақты қадам
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары