Қазақстан Ташкентте Өзбекстаннан реванш алды
18.10.2025, 21:38
Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды екінші жолдастық кездесуде 5:2 есебімен тізе бүктірді.
instagram/@kff_team_futsal
Ташкенттегі ойын тартысты басталғанымен негізгі уақытта Қазақстан құрамасы толық үстемдік құрды. Команданың белсенді ойынын Альберт Ақбалықовтың дублі айшықтады. Сондай-ақ Азат Валиуллин, Біржан Оразов пен Ақжол Дәрібай бір-бірден гол соғып, жеңісті қорытындылады.
Бұл қос құраманың екінші жолдастық ойыны болды.
14 қазан күні өткен алғашқы матчта Қазақстан 1:2 есебімен ұтылып, жалғыз голды Александр Дерябин соққан еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама