Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан жерінде алғаш рет таеквондодан әлем чемпионаты өтеді

Сарапшы, спорт журналисі
23.10.2025, 07:00

Тарихи турнир екі жылдан кейін өтетін болды.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Қазақстан таеквондодан (WT) 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу орны ретінде ресми түрде таңдалды. Бұл шешім Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (World Taekwondo) жиынында қабылданды.

Дүниежүзілік федерацияға мүше елдердің өкілдері бірауыздан Қазақстанның кандидатурасын қолдады. Олар Астанада өткен халықаралық турнирлердің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өтті.

Алдағы әлем чемпионаты Қазақстанда және Орталық Азияда алғаш рет өтпек. Федерация турнирді Астанада ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда Уси қаласына әлемнің 179 елінен 991 таеквондошысы 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысуға жиналды. 24-30 қазан аралығында өтетін әлем біріншілігінде ел намысын 16 таеквондошы қорғайды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары