Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

82 жастағы астаналық марафоншы жұртты таңғалдырды

Сарапшы, спорт журналисі
25.10.2025, 21:45

82 жастағы елорда тұрғыны Амангелді Досжанов Астанада өткен марафонда 10 шақырым қашықтықты жүгіріп өтіп, көрермендер мен спорт сүйер қауымды тәнті етті. 

zakon.kz
Реклама
Реклама

Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы өздерінің ресми парақшасында қарт спортшының видеосын жариялап, оны шыдамдылық пен жігердің үлгісі деп атады.

«Егер ниет болса, ешқашан кеш емес. Жаппай жүгіру жарысына қатысқан ерекше қатысушы – 82 жастағы Амангелді Досжанов 10 шақырымды 1 сағат 23 минутта жүгіріп өтті», — делінген басқарма хабарламасында.

Айта кетсек, Амангелді ата жүгірумен 79 жасында айналыса бастаған. Қазір аптасына үш рет 5–10 шақырым аралығында жаттығу жасап отырады. Негізгі жаттығу орны — Халық музыканттары аллеясы мен “Жерұйық” саябағы.

Бұл ерекше оқиға астаналықтар арасында үлкен қолдау тауып, көптеген адамға денсаулық пен белсенді өмір салтының маңызын еске салды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары