Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Азиада додасында Қазақстан қыздар құрамасы Өзбекстаннан басым түсті

Сарапшы, спорт журналисі
26.10.2025, 12:48

Сайыс гандболдан болған еді.

Сурет: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Реклама
Реклама

Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында гандбол сайысы жалғасуда.

25 қазанда Қазақстан қыздар құрамасы Өзбекстанмен өзара мықтыны анықтады.

Нәтижесінде отандастарымыз 31:23 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ұлттық құрама А тобында екінші орында тұр.

Баскетболдан да нәтиже жақсы

Естеріңізге салсақ, Азиада турнирәнде 3х3 баскетболдан да сайыстар жалғасуда.

Бүгін Қазақстан қыздар құрамасы 3х3 баскетболдан үш матч өткізді.

Алғашқы кездесуде қазақстандықтар Иран құрамасынан 10:21 есебімен ұтылды. Екінші ойында отандастарымыз Өзбекстанды 13:9 есебімен жеңді.

Жарыс күнінің соңғы матчында Қазақстан Иордания құрамасын 21:5 есебімен тізе бүктіріп, жарыс күнін екі жеңіспен аяқтады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары