«Фламенго» жанкүйерлері мінген автобус жол апатына ұшырады
Бразилияның әйгілі футбол клубы «Фламенго» жанкүйерлері мінген автобус Буэнос-Айреске жол тартқан сәтте ауыр жол апатына түсті.
Аргентинаға бет алған фанаттар автобусы апатқа түсті
O Globo басылымының дерегінше, оқиға 27 қазанда, Барра-Манса муниципалитеті маңындағы BR-116 тас жолының 282-шақырымында болған.
Автобус Либертадорес кубогының жартылай финалы аясындағы «Расингке» қарсы жауапты матчқа бара жатқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, 46 жанкүйер зардап шеккен:
- 32 адам — жеңіл жарақат алған,
- 10 адам — орташа ауыр халде,
- 4 адам — ауыр жарақат алған.
Автобус жүргізушісі мен тағы үш адамның жағдайы бастапқыда өте ауыр болғанымен кейін дәрігерлер олардың халін тұрақтандырған.
Себеп — жарылған дөңгелек
Жергілікті полицияның хабарлауынша, апатқа автобустың доңғалағының жарылуы себеп болған. Сол сәтте жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, автобус аударылып кеткен.
«Фламенго» — Бразилиядағы ең ірі футбол клубтарының бірі әрі Кубок Либертадорестің көп мәрте жеңімпазы. Команда бұл маусымда финалға шығуға үмітті, алайда қайғылы оқиға жанкүйерлер мен футбол қоғамын дүр сілкіндірді.