Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

10 дүркін әлем чемпионы тағы да ұрлық пен алаяқтыққа күдікке ілікті

Сарапшы, спорт журналисі
28.10.2025, 19:30

Бейжің-2022 қысқы Олимпиадасының жүлдегері, 10 дүркін әлем чемпионы француз биатлоншысы Жюлья Симон тағы да ұрлық пен алаяқтық ісі бойынша күдікке ілінді.

skisport.ru
Реклама
Реклама

Франция биатлон жұлдызы жаңа дауға қалды

L’Équipe газетінің мәліметінше, атақты спортшы төрт командаласының ақшасы мен жеке заттарын ұрлады деген айыппен тергеліп жатыр. Бұл ақпаратты Альбервиль сотының прокуроры да растаған.

Франция құрамасының мүшелері — әпкелі-сіңлілі Анаис пен Клоэ Шевалье, сондай-ақ Каролин Коломбо мен Лу Жанмонно өз заттарының жоғалғанын мәлімдеген.

  • Анаис пен Клоэ 50 еуро ақшасын және кейбір жеке бұйымдарын таба алмаған.
  • Лу Жанмонно Симонмен бір бөлмеде тұрған кезде бірнеше затының жоғалып кеткенін айтқан.

Алайда сол сәтте ешқайсысы ресми түрде полицияға арыз түсірмеген.

Бұған дейін де алаяқтық ісі болған

Айта кетсек, бұған дейін Жюлья Симон алаяқтық пен банк карталарын заңсыз пайдаланғаны үшін үш ай шартты жаза мен 15 000 еуро айыппұл алған еді. Сол істе оның әріптестері — Жюстин Бреза-Буше және тағы бір француз биатлоншысы зардап шегушілер ретінде тіркелген болатын.

Жюлья Симон — әлемдік биатлон тарихындағы ең табысты спортшылардың бірі. Ол 2021, 2023, 2024 және 2025 жылдары әлем біріншіліктерінде 10 алтын медаль иеленген. Дегенмен спорттағы даңқы соңғы уақытта жеке өміріндегі дау-дамайлармен көлеңкеленіп отыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары