Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Азиада-2025: Қазақстан құрамасы нешінші орында?

Сарапшы, спорт журналисі
29.10.2025, 10:54

Ұлттық құрама қоржынында 50 медаль бар.

Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Реклама
Реклама

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер Азия ойындарының оныншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте төртінші орынға жайғасты.

Қазіргі таңда ұлттық құрама қоржынында 50 медаль бар: оның ішінде 12 алтын, 15 күміс және 23 қола жүлде.

Жалпы есепте Қытай құрамасы көш бастап тұр – олар 101 медаль иеленді (48 алтын, 35 күміс, 18 қола). Екінші орында Өзбекстан құрамасы – 41 медаль (19 алтын, 5 күміс, 17 қола). Үшінші сатыда Таиланд – 34 медаль (13 алтын, 13 күміс, 8 қола).

Қазақстан спортшылары әзірге төртінші орында келе жатқанымен, жарыс әлі жалғасуда және ұлттық құраманың қоржынына жаңа жүлделер түсуі әбден мүмкін.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары