Қазақстандық «Семей» футзал клубы 2025/26 маусымындағы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші ойынын өткізді. Бұл жолы оларға Францияның «Этуаль» клубы қарсылас болды.
Кездесудің алғашқы минуттарында «Семей» өте сенімді ойнап, 3:0 есебімен алға шыққан еді. Алайда екінші таймда жағдай күрт өзгерді. Француздар керемет камбэк жасап, төрт гол соғып үлгерді.
Қазақстандық команда сапында Бруно Гомес пен Дедезиньо (дубль) көзге түсті. Бірақ бұл голдар жеңіс үшін жеткіліксіз болды.
«Семей» келесі ойынын 1 қараша күні Испанияның «Пальма» клубына қарсы өткізеді. Бұл матч команданың 1/8 финалға шығу мүмкіндігі үшін шешуші болмақ.
Айта кетейік, АФК «Қайрат» және «Семей» клубтары A тобының құрамында. Әр топтан үздік үш команда 1/8 финалға жолдама алады. Ал топта алғашқы екі орын алған ұжымдар сеуіп алу артықшылығына ие болып, 1/8 финалда не өз тобындағы үшінші орын иегерімен, не B тобының жеңімпаздарымен кездеседі.
2026 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі Италияның Пезаро қаласында өтеді.