Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан ІІМ Дмитрий Биволдың бұрынғы әйеліне іздеу жариялады

Сарапшы, спорт журналисі
31.10.2025, 22:49

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ресейлік танымал боксшы, әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы — Екатерина Биволға іздеу жариялағанын ресми түрде мәлімдеді.

prosports.kz
Реклама
Реклама

Екатерина Бивол қамауға алу санкциясымен халықаралық іздеуде

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол «қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасымен халықаралық іздеуге жарияланған».

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», — деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Іс Қырғызстандағы тергеуден кейін өрбіді

Бұған дейін, 2025 жылдың 22 қазанында, Қырғызстан Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде тараған бейнероликтерге байланысты алдын ала тергеу амалдарын бастаған болатын.

Бейнежазбаларда Екатерина Бивол қырғыз халқына және өзге ұлт өкілдеріне қатысты қорлайтын және арандатушылық сипаттағы сөздер айтқан.

Кейін 25 қазанда Бішкек қалалық ІІБ оған қатысты Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 330-бабы («Ұлтаралық, нәсілдік және діни өшпенділікті қоздыру») бойынша іс қозғап, Екатерина Биволды халықаралық іздеуге жариялаған еді.

Боксшының отбасылық дауы көпшілік назарында

Айта кетейік, Дмитрий мен Екатерина Биволдар 2023 жылдың жазында ажырасқан. Сол уақыттан бері әйел адам әлеуметтік желілерде бұрынғы күйеуін опасыздық, психологиялық қысым және алимент төлемеумен айыптап келген.

Биволдың өзі бұл айыптауларға жауап бермеген, алайда оқиға соңғы аптада халықаралық сипат алып отыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары