Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

NBA-да Майкл Джорданның рекорды қайталанды

Сарапшы, спорт журналисі
15.11.2025, 19:34

15 қараша күні «Голден Стэйт Уорриорз» сырт алаңда «Сан-Антонио Сперсті» 109:108 есебімен жеңіп, NBA жанкүйерлеріне нағыз интригаға толы матч сыйлады.

sports.inquirer.net
Реклама
Реклама

Карридің 49 ұпайы — матчтың басты оқиғасы

Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы — «Уорриорз» лидері Стефен Карри. Ол 49 ұпай жинады. 26 лақтырыстың 16-сын дәл орындады.

Ойын барысында Карри жеке статистикасын ғана емес, NBA тарихындағы ең мықтылардың бірі саналатын Майкл Джорданның да маңызды жетістігін қайталады.

44 рет 40+ ұпай: Карри Джорданмен теңесті

Стефен Карри 30 жасынан кейін 40 және одан да көп ұпай жинаған 44-матчын өткізді. Дәл осындай нәтижеге бұған дейін тек Майкл Джордан қол жеткізген еді.

Осылайша Карри 40+ ұпайлық ойындары бойынша Джорданның рекордын қайталады. Осы көрсеткішке жеткен екі ойыншының бірі атанды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары