Алматылық футзал клубы 30 жылдық тарихында алғаш рет барлық үй матчын Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткізеді.
Клубтың баспасөз қызметі мәлімдегендей, Қазақстан чемпионатының барлық ойыны, УЕФА Чемпиондар лигасындағы кездесулер Балуан Шолақ спорт сарайына көшірілді.
Бұл өзгеріс жанкүйерлер үшін де тиімді болмақ. Дәл осы алаңда «Қайрат» 18–19 қарашада биылғы маусымдағы матчтарын «Бәйтерекке» қарсы өткізеді.
14 тур қорытындысы бойынша алматылық клуб 29 ұпай жинап, ҚПЛ кестесінде екінші орында тұр. Көшбасшы «Семейден» 4 ұпайға қалып келеді, әрі шығысқазақстандық клубтың екі ойыны кем.
«Қайрат» өз тобының екінші сатысында аяқтап, УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. 1/8 финалда команда Бельгияның «Андерлехтімен» кездеседі. Алғашқы матч қонақта өтеді.