Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан Исламиада-2025 жарысында 14-ші алтын жүлдесін жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі
20.11.2025, 20:39

Эр-Риядта өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасына кезекті алтын медаль бұйырды. 

olympic.kz
Реклама
Реклама

Қазақстанның шпагашылар құрамасы — Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Кирилл Проходов жарыс барысында екі бірдей маңызды жеңіске жетіп, Исламиада-2025 финалына шықты. 

Алғашқы кезеңде қазақстандық спортшылар Қырғызстан құрамасын 45:34 есебімен жеңді. Жартылай финалда қарсыластарын еш қиындықсыз тоқтатты — Оман құрамасы 45:26 есебімен ұтылды. Шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы Исламиада қожайындары — Сауд Арабиясымен күш сынасты. Финалдық белдесу тартысты өрбігенімен қазақстандық шпагашылар матчты толық бақылауда ұстап, 45:28 есебімен айқын жеңіске жетті.

Бұл жеңіс Қазақстан үшін Исламиада-2025 сайысындағы 14-ші алтын медаль болып тіркелді. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары