Тағы бір медаль: Жібек Құлымбетова Исламиада ойындарының күміс жүлдегері атанды
21.11.2025, 17:31
Бұл жолы ел қоржынына жүлде джиу-джитсудан қосылды.
ҰОК
Қазақстандық спортшы Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші орын алды.
Отандасымыз 52 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Ол финалда Асма Альхосанимен (БАӘ) кездесті.
Шешуші жекпе-жектің қорытындысы бойынша БАӘ өкілі жеңіске жетсе, Жібек жарысты екінші орынмен аяқтады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама