Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Софья Самоделкина әлемдік Гран-при додасына қатыспайтын болды

Сарапшы, спорт журналисі

Себеп: виза рұқсатын уақытылы алмауы.

Софья Самоделкина әлемдік Гран-при додасына қатыспайтын болды
Софья Самоделкина. Фото: ҰОК

Бұған дейін Ресей атынан өнер көрсеткен қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина виза мәселесіне байланысты 22-23 қарашада Финляндия астанасы Хельсинкиде өтетін Гран-при кезеңіне қатыса алмайды.

Бельгиялық спортшы Нина Пинзарро жарысқа қатыса алмайтындықтан, резервтегі спортшылар арасында рейтингте бірінші орында тұрған Софьяға шақырту келді. Өкінішке қарай Софьяның елге (Финляндия) кіру үшін қажетті рұқсат қағазы уақытында алынбады.

Самоделкина Гран-при кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткен жағдайда Жапонияда өтетін финалда өнер көрсету мүмкіндігіне ие болар еді. Бұған дейін ол Жапониядағы Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп, екі бағдарлама бойынша 200 ұпай жинаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір