Шорт-тректен Миландағы қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды.
Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, Олимпиада лицензиясын иеленген спортшылардың есімдері биылғы 9 қазан мен 30 қараша аралығында өткен шорт-тректен Әлемдік турдың қорытындысы бойынша анықталған. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 9 Олимпиада лицензиясын жеңіп алған.
Бас бапкер Петр Гамидов пен ұлттық құрама бапкерлер штабының шешімімен 2026 жылғы қысқы Олимпиадада ел намысын Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова және Яна Хан қорғайды.
Лицензия бойынша ақпарат:
Ерлер:
500 м – 2 лицензия; 1000 м – 1 лицензия.
Әйелдер:
Айта кетейік, бұған дейін мәнерлеп сырғанаушылар Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында олимпиадалық нормативті орындап, екі лицензия жеңіп алған еді. Осылайша, Олимпиадаға қатысатын спортшылар саны 6-ға жетіп, ел қоржынына жалпы 11 лицензия түсті.
Олимпиада жолдамаларының нақты саны 2026 жылғы қаңтардың соңында белгілі болады.
XXV қысқы Олимпия ойындары 2026 жылғы 6-22 ақпан күндері Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған 93 елден 3 500-ден астам спортшы қатысады.
Ал шорт-тректен ұлттық құрама көшбасшыларының бірі Абзал Әжіғалиев өз мансабындағы төртінші Олимпиадасына аттанады.