Реклама
Реклама

Олимпиада-2026: Қазақстандық конькишілер қанша жолдама алды?

Сарапшы, спорт журналисі
19.12.2025, 16:08

Әзірге қоржында оннан аса жолдама бар. 

sportarena.kz

Қазақстан делегациясы Милан–Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына (ОИ-2026) тағы бірнеше жолдама жеңіп алды. Әлем кубогы кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан конькимен жүгіру спортынан төмендегі жолдамаларға ие болды.

Ерлер

  • 500 метр — 1 лицензия

Әйелдер

  • 500 метр — 2 лицензия
  • 1000 метр — 2 лицензия
  • 1500 метр — 2 лицензия
  • 3000 метр — 2 лицензия
  • 5000 метр — 1 лицензия
  • Масс-старт — 1 лицензия
  • Командалық жарыс — 1 лицензия

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, нақты спортшылардың есімдері мен Олимпиадаға баратын құрам ұлттық құраманың бас бапкері қабылдайтын шешімнен кейін белгілі болады.

Сонымен қатар, қазақстандық шорт-трек спортшылары 9 олимпиадалық лицензия жеңіп алды. Айта кетейік, Қазақстан құрамасының Олимпиададағы жалпы лицензия саны 2026 жылдың қаңтар айының соңында толық анықталады.

Олимпиада-2026 туралы

XXV қысқы Олимпиада ойындары

  • Өтетін уақыты: 6–22 ақпан 2026 жыл
  • Өтетін жері: Милан және Кортина-д’Ампеццо (Италия)
  • Қатысушылар: 93 елден 3500-ден астам спортшы
Реклама
Реклама