Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан рекорд орнатып, Өзбекстанды артта қалдырды

Сарапшы, спорт журналисі
25.12.2025, 11:06

Қазақстан 2025 жылы жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша тарихи рекорд орнатып, Азия құрлығында жетекші елдердің қатарына кірді.

ҚБФ
Реклама
Реклама

2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен өткен әлем чемпионаттарында рекордтық көлемде медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама жалпы саны 32 медаль иеленді. Оның ішінде 14 алтын, 5 күміс және 13 қола жүлде бар.

Медальдар сегіз спорт түрінен еншіленді. Олар:

  • садақ ату және оқ ату,
  • семсерлесу,
  • бокс,
  • дзюдо,
  • грек-рим күресі,
  • еркін күрес,
  • таеквондо.

Аталған нәтиже — Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы ең үздік көрсеткіш. Бұған дейінгі рекорд 2023 жылы тіркелген болатын. Ол кезде қазақстандық спортшылар 22 медаль (7 алтын, 5 күміс, 10 қола) жеңіп алған еді. Осылайша, 2025 жылы жалпы жүлде саны 10 медальға артты, ал алтын медальдар саны екі есеге көбейді.

Бокстың үлесі ерекше

2025 жылғы маусымда Қазақстанның алтын медаль қорының негізгі бөлігін боксшылар толықтырды. Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымының қолдауымен өткен әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Бұл нәтиже ұлттық құраманың турнирдің жалпы медальдық есепте бірінші орын алуына мүмкіндік берді.

Азиядағы орын

2025 жылы өткен әлем чемпионаттарының қорытындысы бойынша Азия елдері арасындағы медальдық есепте:

  • Қытай көш бастады — 42 алтын, жалпы 120 медаль;
  • Жапония екінші орынға жайғасты — 22 алтын, 67 медаль;
  • Оңтүстік Корея үшінші болды — 14 алтын, 46 медаль.

Ал Қазақстан 14 алтын медаль және 32 жалпы жүлдемен Азияда төртінші орынға тұрақтады. Ұлттық құрама Өзбекстанды, КХДР-ды және Иранды артта қалдырды. Бұл ретте негізгі өлшем ретінде алтын медальдар саны есепке алынған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары