Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасының қақпашысы "Қайраттан" кетпек

Сарапшы, спорт журналисі
14.01.2026, 14:20

Қазір бірнеше клубпен келіссөздер жүргізіліп жатыр. "Жетісуда" өнер көрсетуі мүмкін деген ақпар да бар. 

KazFootball.kz

Алматылық «Қайраттың» 24 жастағы қақпашысы Нарун Серіков маусымның қалған бөлігін басқа клубта өткізеді. Ойыншы басқа ұжымға жалға беріледі.

Қазіргі таңда Серіковтің трансферіне қатысты келіссөздер бірнеше клубпен қатар жүргізіліп жатыр. Алайда нақты қай командалармен сөйлесіп жатқаны әзірге жарияланған жоқ.

«Қазір көп командалардың қақпашылар құрамы толық жасақталған. Дегенмен, “Жетісу” Серіков үшін қолайлы нұсқа болуы мүмкін», — деп жазады дереккөз.

Нарун Серіков — алматылық клубтың түлегі. Ол 2020 жылдан бері «Қайраттың» негізгі командасында өнер көрсетіп келеді. Сонымен қатар, қақпашы Қазақстанның футзал құрамасының намысын да қорғап жүр.

Ұлттық құраманың таңдауы

Серіковтің тұрақты ойын тәжірибесін арттыру мақсатында ойыншыны жалға беру тиімді нұсқа ретінде қарастылып отыр. Бұл оның ұлттық құрамадағы бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалуына да оң әсер етуі ықтимал. Алдағы уақытта қақпашының қай клубқа ауысатыны ресми түрде жариялануы тиіс.

Реклама
Реклама