Реклама
Реклама

2025 жылы қомақты табысқа кенелген спортшы кім?

Сарапшы, спорт журналисі
16.01.2026, 23:10

Sportico порталы былтырдың қорытындысы бойынша ең жоғары жалақы алатын 100 спортшының рейтингін жариялады.

instagram/@cristiano

№1 — Криштиану Роналду (260 млн доллар)

Тізімнің көшін Португалия құрамасының көшбасшысы әрі Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында ойнайтын Криштиану Роналду бастады. Оның 2025 жылғы жалпы табысы 260 миллион доллар деп көрсетілген.

Sportico дерегінше, рейтингтің үздік алтысы мынадай:

  1. Криштиану Роналду — 260 млн доллар
  2. Сауль “Канело” Альварес (Мексика, бокс) — 137 млн доллар
  3. Лионель Месси (Аргентина, "Интер Майами") — Роналдудан шамамен екі есе төмен табыс
  4. Хуан Сото (Доминикан Республикасы, MLB, "Нью-Йорк Метс") — 129 млн доллардан аса
  5. Леброн Джеймс ("Лос-Анджелес Лейкерс") — 128 млн доллардан жоғары
  6. Карим Бензема (Франция, "Әл-Иттихад") — 115 млн доллар

Рейтингтегі өзге танымал футболшылар

Футбол әлемінің бірнеше жұлдызы да тізімнен орын алған:

  • Килиан Мбаппе ("Реал Мадрид") — 12-орын, 95 млн доллар
  • Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити") — 18-орын, шамамен 78 млн доллар
  • Неймар ("Сантос") — 30-орын, 60 млн доллар.
Реклама
Реклама