Реклама
Реклама

"Гигант" лақап атымен танылған бодибилдинг чемпионы 48 жасында көз жұмды

Сарапшы, спорт журналисі
26.01.2026, 20:48

Италияның танымал бодибилдері Андреа Лорини Брешиа провинциясындағы үйінде жансыз күйде табылды. 

elecinco.es

Марқұмды анасы тапқан

Лоринидің денесін алғаш болып анасы көрген. Ол дереу дәрігерлерді шақырғанымен медицина қызметкерлері спортшыны қайта тірілте алмай, өлімін тіркеген.

The Sun басылымының дерегінше, Андреа Лорини фитнес ортасында кең танылған тұлға болған. Фитнес-нұсқаушы болып жұмыс істеген. Әлемдік деңгейдегі бодибилдинг жарыстарына қатысқан.

COVID-19 пандемиясына дейін ол Италиядағы ең мықты атлеттердің қатарында аталып, IFBB ұлттық чемпионаттарында 90 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын иеленген.

Неліктен “Гигант” аталды?

Лоринидің ірі дене бітімі мен ауыр атлетикаға ерекше беріктігі туған қаласында оған “Гигант” деген лақап ат әкелген. Оның кенеттен қайтыс болғаны туралы хабар әлеуметтік желілерде жылдам таралып, әріптес спортшылар мен жергілікті тұрғындар тарапынан қайғыра көңіл айту жазбалары көбейген.

Мәліметте Лоринидің туған қаласы Кьяридің әкімі де марқұмның жақындарына көңіл айтқаны көрсетілген.

Отбасы сот-медициналық сараптама (мәйітті аштыру) жасаудан бас тартып, өлімнің себебі кенеттен болған дерт салдарынан жүректің тоқтауы екенін мәлімдеген.

Марқұмның артында екі баласы қалған.

Реклама
Реклама