Реклама
Реклама

Олимпиада-2026: Қазақстан үшін бір спортшының дайындығы ₸369,4 млн-ға түсті

Сарапшы, спорт журналисі
27.01.2026, 17:19

Италияда өтетін қысқы Олимпиада-2026 ойындарына Қазақстан да қатысады. 6–22 ақпан аралығында Милан мен Кортина-д’Ампеццодағы додаға 36 атлет жолдама алған.

olympic.kz

Бұған дейін қазақстандық атлеттерді Олимпиадаға дайындауға жалпы 13 миллиард 300 миллион теңге жұмсалғаны хабарланған. Қаражат көздері ретінде республикалық бюджет, жергілікті бюджеттер, бюджеттен тыс қаражат және демеушілердің қаржысы аталған.

Егер 13,3 млрд теңгені 36 спортшыға бөлсек, онда әр спортшының дайындығы шамамен 369 444 444 теңгеге (яғни 369,4 млн теңге) тең болады.

Айта кетейік, Бейжің-2022 қысқы Олимпиадасында Қазақстан құрамасы бірде бір медаль жеңіп алған жоқ.

Реклама
Реклама