Реклама
Реклама

Серік Сәпиев кінәлі деп танылды

Сарапшы, спорт журналисі
28.01.2026, 16:08

Осыдан бір апта бұрын облыстық спорт басқармасынба Олимпиада чемпионы мен оның орынбасары арасында кикілжің болған еді.

Серік Сәпиев

Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы дауға қатысты тергеу аяқталды. Тексеру қорытындысы бойынша, Сәпиев мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде жүргізілген тексеріс нәтижесінде шенеуніктің мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтірген әрекеттерге жол бергені белгілі болды. Ресми қорытындыда Сәпиевтің өзін лайықсыз ұстағаны, жұмыс барысындағы қалыпты атмосфераның сақталуына ықпал етпегені және өз орынбасарына қатысты әдепсіз мінез-құлық танытқаны жазылған.

"Ол қоғам көзінше мемлекеттік органдардың ар-намысы мен беделіне айқын зиян келтіретін әрекеттерге жол берді, ұжымдағы кәсіби әрі оң жұмыс қарым-қатынастарын нығайтуға ықпал етпеді, конструктивті ынтымақтастыққа кедергі келтірді, сондай-ақ әріптесіне қатысты әдепке жат мінез көрсетті", — делінген хабарламада.

Еске салайық, өткен аптада Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында жанжал болған еді. Екеуі де танымал спортшылар: Сәпиев – Олимпиада чемпионы, ал Есімханов – самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері.

Реклама
Реклама