Реклама
Реклама

Қазақстандық тау шаңғышысы Италияда күміс медаль жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі
28.01.2026, 17:29

Қазақстан құрамасының тау шаңғысы спортындағы өкілі Александра Скороходова Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында өткен ашық біріншілікте слалом сайысынан екінші орын иеленді.

olympic.kz

FIS хаттамасына сәйкес, слаломда алтын медальді италиялық Франческа Фанти иемденді. Қола жүлде тағы бір жергілікті спортшы Валентина Филлге бұйырды. Скороходова көшбасшыдан 0,88 секунд қалып, күміс медаль місе тұтты. 

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшы халықаралық FIS жарысында алтын медаль алған.

Скороходова 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында (Милан–Кортина) Қазақстан атынан өнер көрсетеді.

Бұған дейін Скороходова дәл осы сайыста топ жарған.    

Реклама
Реклама