Реклама
Реклама

Өзбекстанның Азия кубогындағы алғашқы ойыны сенсациямен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі
28.01.2026, 22:03

Футзалдан Өзбекстан құрамасы Азия кубогы-2026 турнирін күтпеген нәтижемен бастады. Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан жарыстың топтық кезеңіндегі бірінші турда Тәжікстанмен тең ойнап, фаворит мәртебесін ақтай алмады.

instagram/@futsalacid2026

Тәжікстанның тактикасы жұмыс істеді

С тобындағы кездесу “Indonesia Arena” спорт кешенінде өтіп 0:0 есебімен аяқталды. Ойын алдында Өзбекстан айқын фаворит саналғанымен Нодир Элибоевтың шәкірттері қарсылас қорғанысын бұза алмады.

Тәжікстан құрамасы қорғаныста сенімді ойнап, маңызды бір ұпай еншіледі. Көршілердің ұйымшыл қорғанысы Өзбекстан шабуылын тұсаулап тастады.

Топтағы өзге ойын: Жапония Австралияны ойсырата жеңді

С тобындағы екінші матчта Жапония құрамасы Австралияны 6:2 есебімен ірі жеңіп, топ көшбасшылығына бірден таласты.

Турнир кестесіне сай 30 қаңтарда Өзбекстан құрамасы Австралиямен кездеседі. Сол күні Тәжікстан Жапонияға қарсы ойнайды.

Реклама
Реклама