Реклама
Реклама

Қазақстандық гимнасшылар Германиядағы Әлем кубогына қатыспақ

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:26

Әлемдік додада еліміздің намысын Нариман Құрбанов бастаған гимнасшылар қоргайды.

Милад Карими. Фото: ҰОК

Спорттық гимнастикадан Қазақстанның ерлер құрамасы халықаралық жарыс маусымын Германияның Котбус қаласында өтетін Әлем кубогының кезеңінен бастайды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Биылғы алғашқы Әлем кубогы кезеңі 19–22 ақпан аралығында ұйымдастырылады. Аталған жарыста Қазақстан намысын бес гимнаст қорғайды:

  • Нариман Курбанов — ат снарядындағы жаттығулар
  • Милад Карими — керме және еркін жаттығулар
  • Дмитрий Патанин — сақиналар, қоссырық және еркін жаттығулар
  • Диас Тойшыбек — қоссырық пен кермедегі жаттығулар
  • Зейнолла Ыдырысов — ат снарядындағы жаттығулар

Турнир қарсаңында ұлттық құрама Котбус қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын 8 ақпанда басталып, 17 ақпанға дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз:

Реклама
Реклама