6–22 ақпан аралығында Милан қаласында және Италияның солтүстігіндегі бірнеше өңірде XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді.
Алдағы Олимпиадада Қазақстан атынан 10 спорт түрі бойынша 36 спортшы жүлде үшін бақ сынайды. Ұлттық құраманың алғашқы өкілдері жарыс жолына 7 ақпанда шығады. Бұл күні қазақстандықтар шаңғы жарысы мен конькимен жүгіруден медальдар сарапқа салынады.
6 ақпан
7 ақпан
8–10 ақпан аралығында қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, биатлон, шорт-трек, фристайл-могул және мәнерлеп сырғанау бойынша жарыстарға қатысады.
Осы күндері ерлер мен әйелдер арасындағы скиатлон, биатлон эстафетасы, спринттер мен алғашқы іріктеу кезеңдері өтеді.
11–14 ақпан
Бұл күндері фристайл-могул, тау шаңғысы, биатлон, шаңғы қоссайысы және мәнерлеп сырғанаудан жүлделер сарапқа салынады. Сондай-ақ командалық эстафеталар мен параллельді могул сайыстары жоспарланған.
15–18 ақпан
Олимпиаданың екінші жартысында шорт-трек, фристайл-акробатика, тау шаңғысы және шаңғы жарысындағы шешуші кезеңдер өтеді. Қазақстандықтар бірнеше финал мен медальдық жарыстарда бақ сынайды.
19–21 ақпан
Биатлондағы масс-старттар, конькимен жүгірудегі қашықтықтар, фристайл-акробатика және шаңғы жарысындағы ең ұзақ қашықтықтар (50 км) осы күндерге жоспарланған.
22 ақпан
Айта кетейік, бұл Олимпиада Қазақстан үшін қысқы спорттағы ең ауқымды қатысулардың бірі болмақ. Ұлттық құраманың бірнеше спортшысы жүлде үшін нақты үміткер саналады.