XXV қысқы Олимпиада ойындары 6–22 ақпан аралығында Италияда өтеді. Қазақстандық телеарналар Олимпиада жарыстарын тікелей эфирде көрсетеді.
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2026 жылғы XXV қысқы Олимпиада ойындарында әр спорт түрі бойынша төрелік ететін ресми тұлғалардың тізімін жариялады.
Ресми құжаттарға сәйкес, 16 спорт түрінің екеуінде төрешілер құрамына Қазақстан өкілдері енген.
Ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, Надежда Парецкая — мәнерлеп сырғанау бойынша жаттықтырушы. Оның аталған спорт түрінен ISU Judge деңгейіндегі халықаралық төрешілік лицензиясы бар.
Ал Юлия Дегтева бұрын фристайл-могулдан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы болған. Ол:
Айта кетейік, XXV қысқы Олимпиада ойындары 6–22 ақпан аралығында Италияда өтеді. Қазақстандық телеарналар Олимпиада жарыстарын тікелей эфирде көрсетеді.