Санаулы сағаттан кейін Италияда Олимпиада ойындары аясында хоккей матчтары басталады. АҚШ пен Чехия өзара мықтыны анықтайды. Сонымен бірге Финляндия мен Канада құрамалары шеберлік байқасады. Бұдан бөлек, "Аталанта" мен "Ювентус" кездесу өткізсе, шымкенттік "Ордабасы" ресейлік "Балтикамен" ойнайды.
Бүгін спорт әлемі Италияда басталған Олимпиада ойындарын, Еуропа елдеріндегі кубок матчтары мен ҚХЛ кездесулерін тамашалай алады. Сонымен қатар, отандық клубтардың маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындары аясында өтетін жолдастық ойындар өткізеді.
Бүгін 2, 3 және 4-туры өтеді. Топ көшбасшылары — Ұлыбритания мен Швеция өз басымдығын бекемдеуге тырысады.
16:00 — “Динамо Мх” — “Атырау”
"Мұнайшылар" ресейлік клубтармен кездесу арқылы ҚПЛ маусымына дайындығын пысықтап жатыр
17:00 — “Балтика” — “Ордабасы”
Шымкенттік клуб Калининград өкіліне қарсы ойнайды.
Айта кетейік, "Барыс" Қиыр Шығысқа жасаған сапардан кейін ойындарын талдаумен айналысып жатыр.
Бүгінгі күн спортсүйер қауым үшін тартысқа толы матчтар мен жоғары деңгейдегі бәсекелерге бай болмақ.