Реклама
Реклама

Олимпиада-2026: Қазақстандық спортшыларды памперспен қарық қылмақ

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:54

Байрақты бәсекеге Қазақстан атынан 36 спортшы қатысады. Жалпы,  Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы олимпиада ойындарында әлемнің 93 елінен 3500-ден астам спортшы бақ сынайды. 

olympic.kz

Италияда өтетін 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары қатысушыларына, соның ішінде қазақстандық спортшыларға арнайы әлеуметтік қолдау көрсетілмек. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) спортшылар комиссиясының төрайымы Эмма Терхо мәлімдеді.

Қандай қолдау көрсетіледі?

ХОК шешіміне сәйкес, Олимпиадаға қатысушы әр спортшы:

  • шектеулі сериядағы тегін смартфон,
  • тұрғын үйге арналған 500 АҚШ доллары көлеміндегі сертификат алады.

Ал кішкентай балалары бар спортшыларға қосымша қолдау ретінде тегін памперс жиынтығы табысталады.

"Спортшыларға шектеулі коллекциядағы смартфондар, тұрғын үйге 500 долларлық сертификат беріледі. Егер олардың кішкентай балалары болса, тегін памперс жиынтығы да беріледі", — деді Эмма Терхо.

Олимпиада қашан басталды?

Айта кетейік, Олимпиада-2026 ойындарының:

  • ашылу салтанаты — 6 ақпан күні,
  • алғашқы жарыстар — 4 ақпанда басталды.

Айта кетейік, Олимпиада аясында 116 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Байрақты бәсекеге Қазақстан атынан 36 спортшы қатысады. 

  • Фристайл-могул - Павел Колмаков, Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Анастасия Городко.
  • Фристайл-акробатика - Дінмұхаммед Райымқұл, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асан Асылхан, Аяна Жолдас.
  • Биатлон - Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Милана Генева, Айша Рақышева 
  • Тау шаңғысы спорты - Ростислав Хохлов, Александра Скороходова.
  • Шаңғы қоссайысы - Шыңғыс Ракпаров.
  • Шаңғы жарысы - Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков, Виталий Пухкало, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина.
  • Шаңғымен тұғырдан секіру - Данил Васильев, Илья Мизерных.
  • Конькимен жүгіру спорты - Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.
  • Шорт-трек - Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.
  • Мәнерлеп сырғанау - Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.
Реклама
Реклама