Реклама
Реклама

Головкиннің күтпеген мәлімдемесі: Қысқы Азия ойындары-2029 Алматыға қалай "өтіп кетті"?

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:48

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті әрі World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкин 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарын Алматыда өткізу жөніндегі келісімге қатысты пікір білдірді. 

instagram/@gggboxing

"Бұл – ел имиджі үшін аса маңызды" 

Головкиннің айтуынша, Алматыда өтетін Қысқы Азия ойындарына байланысты құжаттарға қол қойылған.

Ол халықаралық деңгейдегі ірі жарыстардың Қазақстанның беделіне тікелей әсер ететінін атап өтті:

"Әлемдік спорттың қолдауы — мемлекет үшін имидждік тұрғыдан өте маңызды. Кешенді халықаралық жарыстар елдің жалпы брендіне және спорт жүйесіндегі атқарылған жұмысқа айқын ықпал етеді. Мұндай жобалар ҰОК-тің халықаралық бағыттағы жұмысының нәтижесін көрсетеді". 

Неге таңдау Алматыға түсті?

Головкиннің сөзінше, ұйымдастырушы тараптар бірнеше нұсқаны қарастырған:

"Қытай — инфрақұрылымы дайын, қолдауы жоғары ел ретінде талқыда болды. Корея да үміткерлер қатарында аталды. Алайда келіссөздер нәтижесінде Азия Олимпиадалық кеңесі келесі Қысқы Азия ойындарын Қазақстанда, нақтырақ Алматыда өткізу туралы шешім қабылдаған".

Қазақстанның тәжірибесі бар

Қазақстан бұған дейін де қысқы ірі турнирлерді қабылдаған:

  • 2011 жылғы Қысқы Азия ойындары,
  • 2017 жылғы Қысқы Универсиада (Алматы).

Бастапқыда Қысқы Азия ойындары-2029 турнирін өткізу құқығы Сауд Арабиясына берілген еді. Кейін олар дайындыққа уақыттың тапшылығына байланысты жобадан бас тартқан.

Реклама
Реклама