Реклама
Реклама

Ұлттық құрамада жаңа бас бапкер

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:37

Бұған дейін Әсет Сағымбаев Ақтөбе облысының құрама командасында аға бапкер қызметін атқарды.

akorda.kz

Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасында кадрлық өзгеріс. Елдің ерлер және әйелдер құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды.

Жаңа бас бапкер кім?

Қазақстан Республикасының үстел теннисі бойынша ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Әсет Сағымбаев тағайындалды. Бұл ақпаратты ҚР МТС ДРС баспасөз қызметі растады.

Әсет Сағымбаев — спорт шебері, халықаралық деңгейде тәжірибесі мол маман. Ол Германия мен Жапонияда өткен әлем чемпионаттарына, сондай-ақ Таиланд пен Үндістанда ұйымдастырылған жастар арасындағы Азия чемпионаттарына қатысқан.

Спорттық мансабында Әсет Сағымбаев:

  • Қазақстан чемпионаттарының,
  • республикалық Спартакиадалардың,
  • халықаралық турнирлердің жүлдегері атанған.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Әсет Сағымбаев Ақтөбе облысының құрама командасында аға бапкер қызметін атқарды. Енді ол Қазақстанның ұлттық құрамасын халықаралық жарыстарға дайындап, елдегі үстел теннисінің дамуына жаңа серпін беруге жауапты болады.

Реклама
Реклама