Реклама
Реклама

Аңыздың тоқтайтын түрі жоқ. Леброн Джеймс тағы да тарих жазды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 15:28

Былтыр қарашада ғана атақты баскетболшы NBA тарихына есімін алтын әріппен жазған еді. Араға бірнеше ай салып жаңа рекорд орнатты. 

metaratings.ru

"Лос-Анджелес Лейкерс" командасының көшбасшысы Леброн Джеймс NBA тарихында жаңа рекордтың авторы атанды. Тұрақты чемпионаты аясында өткен "Филадельфия Сиксерс" — "Лос-Анджелес Лейкерс" кездесуінде (115:119) америкалық спортшы 17 ұпай, 10 нәтижелі пас берді. Осылайша, нәтижелі пас пен ұпайдан дабл-дабл тіркеген NBA тарихындағы ең егде баскетболшы атанды. 

StatMuse мәліметінше, Леброн Джеймс аты аңызға айналған Джон Стоктонды басып озды. 

Маусымдағы статистика

Ағымдағы маусымда Леброн Джеймс:

  • 32 матч өткізді;
  • орта есеппен 21,9 ұпай,
  • 5,3 рет доп қағып алды,
  • 6,7 пас орындады.

Былтыр ғана Америкалық баскетбол жұлдызы Леброн Джеймс NBA тарихына тағы да есімін алтын әріппен жазған еді. "Юта Джазға" қарсы кездесуге қатысу арқылы Леброн Джеймс NBA-да ең көп маусым өткізген ойыншы болды. Баскетболшы қатарынан 23 маусым ойнады. 

NBA-дағы рекордшылар

ЛеБронның артынан келетін ең жақын көрсеткіш – Винс Картердің 22 маусымы. Одан кейінгі орында – 21 маусым ойнаған аңыз баскетболшылар:

  • Дирк Новицки
  • Кевин Гарнетт
  • Роберт Пэриш
  • Кевин Уиллис
Реклама
Реклама