Реклама
Реклама

Жеңіске жетудің амалы! Спортшылар жыныс мүшесін үлкейтті деген күдікке ілікті

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:32

Әлемдік допингке қарсы агенттік ақпарат расталған жағдайда арнайы тергеу басталатынын мәлімдеді.

Vesti.kz

Олимпиада ойындары басталмай жатып, шаңғымен тұғырдан секіру спортында үлкен дау туды. Кей спортшылар жарыстағы нәтижесін жақсарту мақсатында жыныс мүшесін әдейі үлкейткен болуы мүмкін деген күдік пайда болды.

WADA мәлімдемесі

Әлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) бұл ақпарат расталған жағдайда арнайы тергеу басталатынын мәлімдеді.

BBC дерегінше, қаңтар айында немістің Bild басылымы бірқатар спортшы жыныс мүшесінің көлемін арттыру үшін гиалурон қышқылы инъекциясын қолданатынын жазған болатын. Осы ретте айта кетерлік бір жайт, гиалурон қышқылы тыйым салынған затқа жатпайды. Инъекция жыныс мүшесін 2–3 сантиметрге дейін үлкейтуі мүмкін.

Бұл нәтиже беруге қалай әсер етеді?

Ол спортшылардың арнайы тапсырыспен тігілетін костюмінің өлшеміне әсер етеді. Трамплиннен секірушілердің киімі 3D-сканер арқылы жеке өлшеммен дайындалады. Сол кезде дененің ең төменгі нүктесіне дейінгі арақашықтық ескеріледі.

Егер жыныс мүшесінің көлемі үлкейсе, бұл нүкте төмен түсіп, костюмнің беткі ауданы артады. Сәйкесінше аэродинамика да өзгереді. 

Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) жарыс директоры Сандро Пертиле бұл фактордың маңызын жоққа шығармайды:

"Костюмдегі әр қосымша сантиметр маңызды. Егер оның беткі ауданы 5 пайызға артса, спортшы әлдеқайда алысқа ұшады", — деді Пертиле.

Айта кетейік, төрткүл дүние көз тігетін байрақты бәсекенің ашылу салтанаты бүгін Қазақстан уақытымен 23:55-те басталады.

Реклама
Реклама