Әлем назарын аударатын түн: Олимпиаданың ашылу салтанатын қайдан көреміз?

Сарапшы, спорт журналисі

Төрткүл дүние көз тігетін байрақты бәсекенің ашылу салтанаты Қазақстан уақытымен 23:55-те басталады.

Бүгін, 6 ақпаннан 7 ақпанға қараған түні Италия жерінде ХХV қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Қашан және қайдан көруге болады?

Ақ Олимпиаданың ашылу салтанаты Қазақстан уақытымен 23:55-те басталады. Айтулы шараны "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. 

Негізгі шоу Милан қаласындағы "Сан-Сиро" стадионында ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Олимпиаданың ашылу бағдарламасына Италияның басқа да өңірлері тартылған. Атап айтқанда, Кортина д’Ампеццо, Предаццо, Ливиньо.

Қолда бар мәлімет бойынша, салтанатты кеш аясында әлемге танымал өнер жұлдыздары өнер көрсетеді. Олардың қатарында:

  • Мэрайя Кэри,
  • Андреа Бочелли,
  • Лаура Паузини бар.

Сондай-ақ дәстүрлі түрде елдер делегациясының шеруі өтеді.

Қазақстан құрамасы Олимпиадада

Айта кетейік, Олимпиада-2026 ойындарында Қазақстан атынан 36 спортшы бақ сынайды. Олар төмендегі спорт түрлері бойынша жарысқа қатысады:

  • фристайл-могул,
  • фристайл-акробатика,
  • биатлон,
  • тау шаңғысы спорты,
  • шаңғы қоссайысы,
  • шаңғы жарысы,
  • трамплиннен шаңғымен секіру,
  • конькимен жүгіру,
  • шорт-трек,
  • мәнерлеп сырғанау.

Естеріңізге сала кетейік, XXV қысқы Олимпиада ойындары Италияда 6–22 ақпан аралығында өтеді. Оған бас-аяғы 3,5 мыңдай спортшы қатысады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір