ЖБ-Шоу! Олимпиаданың қызығы мен шыжығы (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Кезекті шығарылымда белгілі комментатор Ермұхамед Мәулен тәуелсіз Қазақстанның қысқы Олимпиада ойындарындағы жолын саралап, әдемі әңгімелеп берді. 

Бүгін Милан қаласында қысқы Олимпиада ойындарының шымылдығы түріледі. Төрт жылда бір өтетін дүбірлі додаға Қазақстан атынан 36 спортшы қатысады. Осы ретте, Олимпиададан медаль күтуге бола ма деген сұрақ қоғамда қазір қызу талқыланып жатыр.

Қазақстан құрамасынан не күтеміз?

Сарапшылар мен жанкүйерлер арасында пікір екіге жарылған. Бірі құраманың әлеуетіне сенсе, енді бірі қазіргі жағдайды ескере отырып, үлкен нәтиже күтпеуге шақырады. Осы тақырып "ЖБ-шоу" бағдарламасының бүгінгі шығарылымында кеңінен талқыланды.

Өткен Олимпиадаларға шолу

Бағдарлама қонағы, спорт журналистикасында 20 жылдан астам еңбек еткен белгілі комментатор Ермұхамед Мәулен тәуелсіз Қазақстанның қысқы Олимпиада ойындарындағы жолына арнайы тоқталды.

Ол ел спортының ең жарқын сәттерін, үміт пен күйзеліс қатар жүрген кезеңдерді, сондай-ақ жіберілген қателіктер мен орындалмаған үміттерді еске алды.

Әңгіме барысында соңғы жылдардағы бірқатар даулы оқиға да сөз болды. Сарапшы кейбір спорт басшыларының уәделері ақталмағанын айтып, жанкүйер сенімінің жоғалуына себеп болған жағдайларды атап өтті. Сонымен қатар, жекелеген спортшылардың тағдырына байланысты трагедиялық оқиғалар да қозғалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір