Қазақстан Азия чемпионатында "алтын" жеңіп алды
06.02.2026, 19:20
Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Алина Чистякова топ жарды.
olympic.kz
Алина Чистякова бессайыс бағдарламасында қарсыластарынан оқ бойы озып, құрлық біріншілігінің чемпионы атанды. Қазақстандық спортшы қытайлық атлеттерді артта қалдырды.
- Алина Чистякова (Қазақстан) — 4181 ұпай
- Ху Цзюхан (Қытай) — 4091 ұпай
- У Жэн (Қытай) — 4013 ұпай
Айта кетейік, бұған дейін осы Азия чемпионатында Қазақстан атынан әлем чемпионы Нора Джеруто да жүлдеге ілігіп, ұлттық құрама қоржынын толықтырған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама