Реклама
Реклама

Қазақстан семсерлесуден Әлем кубогында "алтын" жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 06:49

Германияның Хайденхайм қаласында өткен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде Руслан Құрбанов жеңімпаз атанды. 

olympic.kz

Жеңіске апарған жол

Құрбанов турнирді 1/32 финалдан бастап, алғашқы жекпе-жегінде командаласы Елмир Әлімжановты тартысты кездесуде 15:14 есебімен ұтты.

Одан кейін қазақстандық семсерлесуші:

  • Давид Надьиді (Венгрия) — 15:13,
  • Акира Коматаны (Жапония) — 15:11 есебімен жеңіп, жарыстың келесі кезеңдеріне өтті.

Ширек финалдағы қазақстандық дерби

Ширек финалда Руслан тағы бір отандасы Никита Жулинскиймен жолығып, аса тартысты айқаста 12:11 есебімен басым түсті.

Ал финалға берілетін жолдама үшін өткен кездесуде Құрбанов Нидерланды өкілі Тристан Тюленді сенімді түрде 15:9 нәтижесімен тоқтатты.
Шешуші кездесуде Руслан Құрбанов италиялық Давиде Ди Веролимен бақ сынап, соңына дейін ширыққан жекпе-жекте 15:14 есебімен жеңіске жетті.

Реклама
Реклама