Реклама
Реклама

Олимпиада-2026: қазақстандық спортшылардың жарыс күнін қайдан көруге болады?

Сарапшы, спорт журналисі
07.02.2026, 10:10

Сенбі, 7 ақпанда қазақстандық спортшылар Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарындағы өнерін бастайды.

ҰОК

Алғашқы жарыс күні бүгін басталмақ

Сағат 17:00-де әйелдер арасындағы шаңғы скиатлоны бойынша жарыстар басталады. Бұл дисциплинада Қазақстан атынан Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник және Дарья Ряжко бақ сынайды. Тікелей эфирді "Qazsport" телеарнасынан көруге болады.

Ал сағат 20:00-де әйелдер арасында 3000 метр қашықтыққа конькимен жүгіру жарысы өтеді. Қазақстан құрамасынан Надежда Морозова мен Елизавета Голубева өнер көрсетеді. Бұл жарыс та "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Олимпиада жайлы

Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан Олимпиада ойындары 22 ақпанға дейін жалғасады. Бұл турнирде Қазақстан құрамасы атынан 36 спортшы қатысады. Олар фристайл-могул, фристайл-акробатика, биатлон, тау шаңғысы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарыстары, трамплиннен шаңғымен секіру, конькимен жүгіру спорты, шорт-трек және мәнерлеп сырғанаудан бақ сынайды.

Оқи отырыңыз:

Реклама
Реклама