Реклама
Реклама

Олимпиада-2026: жарыстың екінші күні ел намысын кім қорғамақ?

Сарапшы, спорт журналисі
08.02.2026, 11:16

Қазақстандық спортшылар бүгін екі спорт түрінен сайысқа түседі.

ҰОК

Жексенбі, 8 ақпанда Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында екі спорт түрінен сынға түседі.

Ерлер арасындағы шаңғы скиатлонында еліміздің намысын Амирғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков қорғайды. Бұл жарыстың тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасынан Қазақстан уақытымен 16:20-да басталады.

Сондай-ақ, осы күні биатлоннан аралас эстафета өтеді. Қазақстан құрамасы сапында Владислав Киреев, Асет Дүйсенов, Милана Генева және Айша Рақишева өнер көрсетеді. Бұл жарысты да Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы – 17:55.

Олимпиада жайлы

Айта кетейік, 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатыр және 22 ақпанға дейін жалғасады. Қазақстан атынан бұл додаға 36 спортшы қатысып, 10 спорт түрінде бақ сынауда.

Жалпы Олимпиадаға 95 елден 2871 спортшы қатысып, 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Оқи отырыңыз:

Реклама
Реклама