Бас тарту, техникалық нокаут және тартысты шешімдер: Қазақстан Испаниядағы финалда қалай жұдырықтасты?
Испанияның Ла-Нусия қаласында Boxam Elite-2026 халықаралық турнирі мәреге жетті.
Финалға Қазақстаннан 11 боксшы шықты
Бұл жолы финалда Қазақстан атынан 11 боксшы өнер көрсетті. Оның ішінде ерлер арасында алтын үшін 8 боксшы жұдырықтасты: Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Аман Қонысбеков (75 кг), Нұрбек Оралбай (85 кг), Сағындық Тоғамбай (90 кг), Айбек Оралбай (90+ кг) және Нұрасыл Асылхан (90+ кг).
Ал әйелдер арасында чемпиондыққа 3 боксшы таласты: Назерке Серік (65 кг), Үмида Садықова (80+ кг) және Панар Сейітханқызы (80+ кг).
Айта кетерлігі, екі финалда қазақстандық боксшылар өзара қолғап түйістірді. Төменде қазақстандықтардың қатысуымен өткен барлық финалдың нәтижесі берілді.
Ерлер финалы: нәтижелер
- 50 кг — Санжар Тәшкенбай — Исмаэль Маграуи Фриа (Испания)
Нәтиже: Тәшкенбайдың төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңісі
- 55 кг — Махмұд Сабырхан — Эллис Троубридж (Англия)
Нәтиже: Сабырханның екінші раундта қарсыластың бас тартуына байланысты жеңісі
- 70 кг — Төрехан Сабырхан — Дипак (Үндістан)
Нәтиже: Сабырханның төрешілердің бөлінген шешімімен жеңісі
- 75 кг — Аман Қонысбеков — Акаш (Үндістан)
Нәтиже: Акаштың төрешілердің бөлінген шешімімен жеңісі
- 85 кг — Нұрбек Оралбай — Ариан Саид Панах (бейтарап спортшы)
Нәтиже: Оралбайдың төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңісі
- 90 кг — Сағындық Тоғамбай — Эммануэль Рейес Пла (Испания)
Нәтиже: Рейес Планның төрешілердің бөлінген шешімімен жеңісі
- 90+ кг — Айбек Оралбай — Нұрасыл Асылхан
Нәтиже: Оралбайдың төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңісі
Әйелдер финалы: нәтижелер
- 65 кг — Назерке Серік — Кайла Аллен (Англия)
Нәтиже: Алленнің төрешілердің бөлінген шешімімен жеңісі
- 80+ кг — Үмида Садықова — Панар Сейітханқызы
Нәтиже: Садықованың бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңісі