Нұрбек Оралбай Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде топ жарды.
85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен алтын медаль үшін жекпе-жекте Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Оралбай Ариан Саид Панахпен жұдырықтасты. Қарсыласы бұл турнирде бейтарап тудың астында өнер көрсетті.
Нәтижесінде кездесу Нұрбек Оралбайдың төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңісімен аяқталды. Осылайша ол 2026 жылы халықаралық турнирлердегі алғашқы алтын жүлдесін қоржынға салды.
Нұрбек Оралбай — Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі. 2024 жылғы Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасынан медаль жеңіп алған жалғыз боксшы атанды. Бұған қоса, ол:
Айта кетейік, World Boxing-2025 әлем чемпионатынан кейін Нұрбек Оралбай жарақатына байланысты біраз уақыт рингке шықпаған. Ла-Нусиядағы финал оның қайта бабына келгенін айқын көрсетті.
Бұл нәтижеден кейін Испаниядағы Boxam Elite-2026 турнирінде Қазақстан құрамасының еншісінде бес алтын медаль бар.