Төрехан Сабырхан Испаниядағы финалда шоу жасап, сенсацияны болдырмады

Сарапшы, спорт журналисі

Төрехан Сабырхан Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінің финалында жеңіске жетті. 

Төрехан Сабырхан Испаниядағы финалда шоу жасап, сенсацияны болдырмады
olympic.kz

Алғашқы раундтағы сәтсіздік, соңғы екі раундтағы қысым

World Boxing әлем чемпионы Төрехан турнирдің алтын медалі үшін үндістандық Дипакпен жұдырықтасты. Жекпе-жек нәтижесінде Сабырхан төрешілердің бөлінген шешімімен (4:1) жеңіске жетті.

Алғашқы раундта қазақстандық боксшы 0:5 есебімен ұпай жоғалтты. Бірақ одан кейін Төрехан толық қарқынға кіріп, екінші және үшінші раундта қарсыласын үздіксіз қысымға алды. Көрерменнің қызу қолдауымен өткен бұл сәттер финалдың бағытын түбегейлі өзгертті.

Жекпе-жектен кейін Төрехан дәстүрлі фирмалық сальтосын орындап, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Осы жеңістің арқасында ол 2026 жылғы алғашқы алтын жүлдесін еншіледі.

Төрехан Сабырханның атақтары мен жетістіктері

Төрехан Сабырхан — Қазақстанның ең дарынды әрі атағы ерте шыққан жас боксшыларының бірі. Оның жетістіктері қатарында:

  • World Boxing 2025 әлем чемпионы (Ливерпуль, Англия);
  • 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы (Черногория);
  • Жасөспірімдер мен жастар арасында Азияның 4 дүркін чемпионы (әлемде бірегей көрсеткіш) бар.

Қарсылас кім? "Алыптарды құлатушы" Дипак

Үндістандық Дипак — 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Оны жиі "алыптарды құлатушы" деп атайды. Себебі ірі фавориттерді жиі жеңуімен танылған.

Мысалы 2021 жылы Странджа кубогында ол Олимпиада чемпионы Шахобидин Зоировты жеңген. Ал 2023 жылғы әлем чемпионатында Сәкен Бибосыновтан басым түскен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір