Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада 22 ақпанға дейін жалғасады.
Милан мен Кортина-д’Ампеццо (Италия) қалаларында өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында көрсеткен нәтижесі үшін қазақстандық спортшы мемлекет тарапынан ақшалай сыйақы алады.
3000 метр қашықтыққа конькимен жүгіру сайысында Надежда Морозова мәреге алтыншы болып келді. Қазақстанда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Олимпиадада алтыншы орын иеленген спортшыға 5 мың АҚШ доллары (шамамен 2,47 млн теңге) көлемінде сыйақы қарастырылған.
Жалпы, қазақстандық спортшылар үшін Олимпиада жүлделері мынадай көлемде белгіленген:
Сондай-ақ, жүлдеге іліне алмаған, бірақ жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар да ынталандырылады. Атап айтқанда, төртінші орын үшін 30 мың доллар (14,8 млн теңге), ал бесінші орын үшін 10 мың доллар (4,9 млн теңге) төленеді.