Алғашқы дебютын спортшы 1994 жылы Әлем кубогына жасаған.
52 жастағы австриялық сноубордшы Олимпиаданың финалдық жарысына жолдама алды.
Австриялық сноубордшы Клаудия Риглер Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында параллельді гигант слалом бойынша финалдық кезеңге шықты.
52 жастағы спортшы алдымен іріктеу сайысынан сүрінбей өтіп, кейін плей-оффтағы жарыста да сәтті өнер көрсетті. Риглер 1 минут 35,43 секунд нәтижемен 16-орын алып, Олимпиададағы 1/8 финалға соңғы болып жолдама алды.
Бұл кезеңдегі ең үздік нәтижені Чехия өкілі, үш дүркін Олимпиада чемпионы Эстер Ледецка көрсетті — 1.30,79.
Айта кетейік, Клаудия Риглер 1994 жылы Әлем кубогында дебют жасаған. Ол мансабында бір рет әлем чемпионы атанған, бұл жетістікке 41 жасында, 2015 жылы қол жеткізді.
Олимпиаданың финалдық жарыстары Мәскеу уақытымен 15:00-де басталады.