Реклама
Реклама

Олимпиада-2026: Қазақстан атынан кім сынға түседі?

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:30

Қазақстандық атлеттер конькимен жүгіру және шаңғымен тұғырдан секіруден бақтарын сынайды. 

Vesti.kz

Бүгін аптаның алғашқы күні, дүйсенбі, болғанына қарамастан спорт әлемі қызық оқиғаларға толы. Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада–2026 ойындарында отандастарымыз бақ сынайды. Сонымен қатар, кәрі құрлық үздік лигаларында тартысты кездесулер өтеді. 

Олимпиада–2026: Қазақстан атынан кім сынға түседі?

Бүгін ел назары Италиядағы мұз ареналарына ауады. Қазақстандық атлеттер дүбірлі дода барын салып, жеңіс тұғырынан көрінуге тырысады. Басты үміт конькимен жүгіру мен шаңғымен тұғырдан секіруден сайысқа түсетіндерде. 

21:30 — Конькимен жүгіру, 1000 метр (әйелдер). Бұл қашықтықта ұлттық құраманың бірден үш көшбасшысы өнер көрсетеді:

  • Надежда Морозова,
  • Елизавета Голубева,
  • Кристина Силаева.

1000 метр — Надежда Морозованың негізгі қашықтығы саналады. Ол әлемдік рейтингтің үздік спортшылары қатарына енуге үміткерлердің бірі.

23:00 — Трамплиннен шаңғымен секіру, шағын трамплин (ерлер). Қазақстан намысын Илья Мизерных пен Данил Васильев қорғайды.

Жасөспірімдер Олимпиадасының алтын жүлдегері атанған Мизерных пен Васильев үшін бұл жарыс — қазақстандық мектептің деңгейін дәлелдеудің маңызды мүмкіндігі.

Айта кетейік, Олимпиада–2026 ойындарында Қазақстан атынан 36 спортшы қатысып жатыр. Олар 10 спорт түрі бойынша бақ сынауда.

Еуропалық футбол: күннің басты матчтары

Футбол жанкүйерлерін дүйсенбі күні Италияның Серия А және Испанияның Ла Лига чемпионаттарында бірқатар қызықты кездесу өтеді. 

Италия. Серия А

  • 22:30 — “Аталанта” – “Кремонезе”. Бергамолық клуб Чемпиондар лигасы аймағы үшін күресін жалғастырып келеді және аутсайдермен ойында ұпай жоғалтпауға ниетті.
  • 00:45 (10 ақпанға қараған түні) — “Рома” – “Кальяри”. Римдіктер турнирлік кестедегі орнын нығайту үшін маңызды матч өткізеді.

Испания. Ла Лига

  • 01:00 (10 ақпанға қараған түні) — “Вильярреал” – “Эспаньол”. Алаң иелері фаворит саналса да, «Эспаньолдың» сырт алаңдағы табанды ойыны кездесуді тартысты етуі мүмкін.
Реклама
Реклама