Ғұсман Қырғызбаев Париждегі Grand Slam турнирін екінші айналымнан бастайды

Сарапшы, спорт журналисі

7–8 ақпанда Парижде дзюдодан 2026 жылғы алғашқы Grand Slam кезеңі өтеді.

Ғұсман Қырғызбаев Париждегі Grand Slam турнирін екінші айналымнан бастайды
NUR.kz

Бүгін беделді рейтингілік турнирдің жеребесі тартылып, Қазақстан құрамасының дзюдошылары алғашқы қарсыластарын анықтады.

7 ақпан: Қазақстандықтардың алғашқы белдесулері

60 кг

  • Шерзод Давлатов — Ицхак Ашпиз (Израиль)
  • Аман Бахытжан — Захари Дижол (Франция)

66 кг

  • Ғұсман Қырғызбаев — алғашқы айналымнан босатылады
  • Бауыржан Нарбаев — Юн Чжун Лим (Оңтүстік Корея)

73 кг

  • Есет Қуанов — Джейсон Зако (ОАР)
  • Дастан Шаяхметов — Эуклидис Лопес (Гвинея-Бисау)

8 ақпан: Екінші күнгі жұптар

81 кг

  • Абылайхан Жұбаназар — алғашқы айналымнан босатылады
  • Әділет Алмат — Омар Махмұд (Мысыр)

90 кг

  • Айдар Арапов — Йохан Ленц (Германия)

100 кг

  • Нұрлыхан Шархан — Куссай Бен Гарес (Тунис)
  • Марат Байқамұров — Кэлвин Кпока (ОАР)

+100 кг

  • Ғалымжан Қырықбай — Джон Мессе Э Бессон (Канада)

Париждегі Grand Slam — IJF күнтізбесіндегі ең мықты рейтингілік жарыстардың бірі. Мұнда алынған ұпайлар әлемдік рейтингке тікелей әсер етіп, маусым бойғы ірі старттарға жол ашады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір