Санжар Тәшкенбай Испанияда финалға шықты
Қазақстанның атақты былғары қолғап шебері Санжар Тәшкенбай Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде жартылай финалдан сүрінбей өтіп, шешуші жекпе-жекке жолдама алды.
Жартылай финалдағы айқын басымдық
Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнир қожайыны Карлос Диаспен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысында төрешілер қазақстандық боксшының жеңісін бір ауыздан – 5:0 есебімен тіркеді.
Осылайша Санжар финалға өтті, ал Карлос Диас қола жүлдемен шектелді.
Ташкенбайдың басты жетістіктері
Санжар Ташкенбай — халықаралық арендада өзін дәлелдеген титулды боксшы. Ол:
- World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпионы (2025)
- IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы (2023)
- Азия чемпионатының жеңімпазы (2022)
- Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2024) атанып үлгерген.
Boxam Elite-2026 — Қазақстан ерлер құрамасы үшін жаңа бас бапкер Нұржан Насановтың жетекшілігіндегі алғашқы ресми жарыс. Ол бұл қызметке бұрынғы бас бапкер Қайрат Сәтжановтың орнына келген.
Айта кетейік, Ла-Нусиядағы Boxam Elite-2026 турнирі 7 ақпанда аяқталады.