Махмұд Сабырхан Boxam Elite-2026 турнирінің алтыны үшін айқасады
Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан жартылай финалдық жекпе-жегін сенімді өткізді.
Instagram/@boxingkazakhstan
Үш раунд бойғы толық басымдық
Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта Үндістан өкілі Сингх Ядуманимен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің үш раундында да қазақстандық боксшының айқын басымдығы байқалды.
Нәтижесінде төрешілер шешімімен Махмұд Сабырхан бір ауыздан 5:0 есебімен жеңіске жетіп, турнир финалына жолдама алды.
Сабырханның жетістіктері қандай?
Махмұд Сабырхан – әуесқой бокста әлемдік деңгейде мойындалған спортшы. Ол:
- әлем чемпионы (2023, 2025)
- әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2021)
- Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2022)
- Азия чемпионы (2024) деген атақтарға ие.
Айта кетейік, Boxam Elite-2026 турнирі 3–8 ақпан аралығында өтуде. Қазақстан бұл жарысқа ерлер және әйелдер санатында да қатысып жатыр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet